Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Баотоу (Қытай) ITF W50 турнирінде үздік шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жарыстың 2-ракеткалары Жібек Құламбаева – ресейлік Екатерина Рейнгольд финалда италиялық Дилетта Черубини – қытайлық Ченги Юаньмен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Қос сет те 6:1 есебімен қазақстандық-ресейлік жұптың пайдасына шешілді.
Матч небәрі 51 минутта аяқталды.
Осылайша, Жібек Құламбаева мен Екатерина Рейнгольд чемпиондық тұғырға көтерілді.
Мұның алдында Жібек Құламбаева Астанада Билли Джин Кинг кубогы аясында Канадамен өткен матчта Қазақстан құрамасы сапында сәтті өнер көрсеткен еді.