Германия ықтимал әскери сценарийге дайындықты бастап, инфрақұрылымды күшейту шараларын қолға алып жатыр. Алайда ел бюджетінде қаржы тапшылығы байқалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БРЕМЕРХАФЕН ПОРТЫН ЖАҢҒЫРТУ
Bloomberg мәліметінше, Германия Еуропадағы ең ірі автокөлік тасымалдайтын порттардың бірі – Бремерхафенді жаңғыртуға кіріскен. Жоба құны шамамен 1,35 млрд еуро.
Жоба аясында жүк тиеу платформаларын күшейту көзделген. Бұл 60 тоннаға дейінгі ауыр әскери техниканы, соның ішінде Leopard танктерін тасымалдауға мүмкіндік береді.
ГЕРМАНИЯ БИЛІГІ КІМНЕН ҚОЛДАУ КҮТЕДІ?
Бұл бастама Германияның ықтимал әскери қақтығысқа дайындық жөніндегі кең ауқымды жоспарының бір бөлігі саналады. Ел географиялық орналасуы мен өндірістік әлеуетінің арқасында стратегиялық маңызды рөл атқарады.
Дегенмен әскерде бұл жобаны толық қаржыландыруға жеткілікті қаражат жоқ. Осыған байланысты Германия билігі жеке сектордан қолдау іздеуде. Алайда мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимыл бюрократиялық рәсімдер мен тікелей байланыстардың әлсіздігіне байланысты қиындықтарға тап болып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Трамп Иранға қарсы әскери операциялардың аяқталғанын мәлімдеген болатын.