Оң жақ рульді көліктерді заңдастыру: Алматы мен Астанада митингтер өтті

Ulysmedia

Оң жақ рульді көлік иелері Алматы мен Астанадағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының алдында көшеге шықты. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ашық дереккөз

Наразылық білдірушілер видео хабарлама жазып алған. Олар ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаевтың өздеріне шығуын талап етіп отыр.

«Біз – оң рульді көліктердің иелеріміз. Бүгін біз осында жауап алу үшін жиналдық, сонда Сұлтанбаев мырза (ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев – ред.) шығып, көліктердің 99 пайызын құрайтынын айтыңыз. “Заңдастырамыз” деген сөзді естімейінше кетпейміз», - дейді жүргізушілер.

Еске салайық, бұған дейін Ulysmedia.kz тілшісі шетелдік нөмірлі көліктерді заңдастырудың неліктен «бұзылып» жатқанын айтқан болатын.