Бұл сұраққа Үкіметтің баспасөз орталығында вице-премьер Ералы Тоғжанов жауап берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусқа қарсы 3 вакцина қолжетімді («Спутник V», «Синофарм», «QazVac»). Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы IV тоқсанда «Pfizer» жеткізіледі деп күтілуде», - деді ол.
Ералы Тоғжановтың айтуынша, тамыз айында «QazVac» рекордтық көлемі – 650 мың дозасы өндірілген. Осы айда оныңк көлемі 750 мың доза жеткізіледі.