Зорлық жайлы шудан кейін рэпер De Lacure полицияға жеткізілді

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Алматы полициясы рэпер De Lacure төңірегіндегі дау бойынша тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желілерде тараған видеодан кейін тексеру басталғанын хабарлады. Әңгіме «Мне стыдно» шоуының түсірілімінде рэпер айтқан әйелге қатысты ықтимал зорлық туралы әңгіме таспаланған видео жайлы.

Рэпер полицияға түсініктеме беру үшін жеткізілген. Тексеру барысында ол өз сөздері интернетте қате түсіндірілгенін, ал зорлық фактісі болмағанын айтқан.

— Қазіргі уақытта қылмыстық құқықбұзушылықтың жасалғанын растайтын объективті деректер анықталған жоқ, — деді Алматы полициясы.

Ведомство тексерудің аяқталғанын да хабарлады.

ДАУ ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ

De Lacure төңірегіндегі шу стендап-комик әрі шоу жүргізушісі Зарина Байболованың мәлімдемесінен кейін басталған. Ол рэпер қатысқан шығарылым эфирге шықпай қалғанын, себебі түсірілім кезіндегі атмосфера ауыр болғанын айтқан.

— Ол адамның жанында өзімді ажйсыз сезіндім, — деген Байболова.

Осыдан кейін түсірілімге қатысқан көрермендер өз нұсқаларын әлеуметтік желіде тарата бастаған. Олардың айтуынша, рэпер көшеде жарақат алған әйелді жолықтырғаны туралы әңгіме айтқан. Кейін оның таныстарының бірі әйелмен оңаша қалған, содан кейін зорлық болған, ал қалғандары оған араша түспеген деген мазмұндағы болжамдар тараған.

Осыдан кейін әлеуметтік желілерде рэперге қарсы сын күшейіп, тексеру жүргізу талап етілген.

РЭПЕР НЕ ДЕЙДІ

De Lacure өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Оның айтуынша, ол бұл оқиғаны жасөспірім шағындағы әңгіме ретінде айтқан.

Музыкант компания әйелге көмектесуге тырысқанын, ал оның таныстарының бірімен болған жағдай екіжақты келісіммен өткенін мәлімдеген.

ЖҮРГІЗУШІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Даудан кейін Зарина Байболова құқық қорғау органдары жағдайдан хабардар етілгенін айтқан. Оның сөзінше, шоу командасы бірден жүгінбеген, себебі оқиғаның шынайылығын растайтын деректер де, ықтимал жәбірленуші туралы мәлімет те болмаған.