Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алған 482 адам көз жұмды

Аян Өрібай

Ақпаратты Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой таратты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алған 482 адам көз жұмды. Шілде және тамыз айында біздің елде ауру өршіп, індеттен ең көп өлім жағдайы тіркелген болатын. Дегенмен қайтыс болғандардың көбі – вакцина алмағандар екенін ескеру керек», - деді Алексей Цой Үкіметтің баспасөз орталығында.

Оның айтуынша, бұл есепке вакцинаның екі дозасын да алған адамдар алынған.