×
463.91
544.63
6.26
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
463.91
544.63
6.26

Филиппиндік күйеубала қалың малға су жаңа көлік сыйлады

Бүгін, 18:03
Филиппиндік күйеубала қалың малға су жаңа көлік сыйлады
Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде танымал блогер Айдын Тоқсанбаева филиппиндік күйеуінің үш жылдан кейін әкесіне қалың мал ретінде салоннан жаңа көлік сыйлағанын жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАЛЫҢ МАЛ ҚАНША?

Блогер жариялаған видеода филиппиндік күйеуі Айдынның әкесіне автосалоннан жаңа көлік сыйлағаны көрінеді. Болжам бойынша, темір тұлпардың құны 30 миллион теңгеден асады.

Айдыңңың айтуынша, бұл – жай ғана сыйлық емес, қыз тәрбиелеп өсірген әкеге деген алғыс пен құрметтің белгісі.

– Сүйінші, бүгін қалың малым төленді. Шүкір 2 рет ажырассам да әкем "айдын басыңды тік ұста", "біреу бірдеңе десе маған айт" дейтін. Ажырассам да, көпбалалы болсам да қолдап келді. Әлі де әрдайым қолдайды. Бұл көлік Майктың әкеме айтқан алғысы, – деп жазды Айдын. 

МАЙК ОРАЗА ҰСТАЙДЫ

Айдын Тоқсанбаева күйеуі Майктың басқа дін өкілі екенін жиі жазады. Соған қарамастан, ол жұбайының және төрт баласының мұсылман болып қалуын толық қолдаған. Тіпті соңғы жылдары ораза ұстай бастаған.

Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында ерекше қызығушылық тудырды. Көпшілік мұны «ұлттық дәстүрге деген құрмет» ретінде бағаласа, кейбірі мұндай қадамның шынайылығына күмән келтірді.

АЙДЫННЫҢ ОҚИҒАСЫ

Айдынның өмір жолы – шетелге табыс табу үшін кеткен мыңдаған қазақ әйелдерінің тағдырына ұқсас. Ол балаларын Қазақстанда қалдырып, Америкада даяшы болып жұмыс істегенін ашық айтты. Оның сөзінен жалғызбасты аналардың психологиялық ауыртпалығы да байқалады.

«Ол кезде бар ойым ақша болды» деген сөзі көпшілікке таныс шындықты көрсетті. Айдынның оқиғасы әлеуметтік желідегі «сәтті өмірдің» артында үлкен еңбек, күйзеліс және жауапкершілік жатқанын да аңғартты.

 

Серіктес жаңалықтары