Қазақстанда алдағы демалыс күндері ауа райы құбылмалы болады. Қазгидромет мәліметінше, елдің бір бөлігінде аптап ыстық сақталса, енді бір өңірлерде жаңбыр аралас қар мен үсік күтіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Синоптиктердің болжамынша, батыс және оңтүстік аймақтарға оңтүстік циклон әсер етеді. Осыған байланысты найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. 18 мамырда батыста нөсер күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін.
Ал солтүстік пен шығыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 16-17 мамыр түндерінде жаңбыр аралас қар жауады. Республика көлемінде жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұруы ықтимал. Солтүстік пен шығыста түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Синоптиктер солтүстік, шығыс және орталық аймақ тұрғындарына үсікке байланысты ескерту жасады. Түнгі температура кей жерлерде -1…-6 градусқа дейін төмендейді.
Демалыс күндері күндіз: