РФММ-да жанжал: қазақтілді балалар жоғары балл жинаса да грантқа түспей қалды

Ulysmedia

Әлеуметтік желіде РФММ-де грантқа түсу нәтижелері жарияланғаннан кейін дау туындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ата-аналарды не ашуландырды

Әлеуметтік желілерде РФМШ (Республикалық физика-математика мектебі) қабылдау нәтижелері қызу талқыланып жатыр. Бұған қазақ сыныптарындағы балалардың орыс бөлімінде оқуға түскен кейбір оқушылардан жоғары балл жинаса да, грантқа өте алмағаны туралы ата-аналардың мәлімдемесі себеп болған.

Жарияланым авторларының бірі екі лекке де тапсырмалар бірдей болғанын, тек аударма тілі өзгеше екенін айтқан.

«Неге мұндай абсолют әділетсіздік? Орыс бөліміндегі оқушылар төмен баллмен грантқа түседі, ал қазақ бөліміндегілер дәл сондай баллмен өте алмайды. Бұл – өз еліңдегі дискриминация», – делінген жазбада.

Пікірлерде не жазып жатыр

Пост астында ондаған эмоциялық пікірлер пайда болған. Кейбір қолданушылар мемлекет есебінен орыс тілінде білім беруді қайта қарау қажет екенін жазған.

«Қазақстанда шет тілдерінде оқытуды мемлекет қаржысына мүлде қаржыландырмау керек», – деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Басқалары осыған ұқсас жағдайдың НИШ-те болғанын еске салған.

«Ұлым НИШ-ке тапсырған жылы қазақ бөліміне түсе алмаған 40 бала болды. Олар іс жүзінде орыс лекінен жоғары балл жинаған еді. Сол кезде ата-аналар топтасып НИШ-ке барып, мәселені анықтауға тырысқан», – делінген пікірлердің бірінде.

Ата-аналар не талап етіп жатыр

Әлеуметтік желі қолданушылары оқыту тіліне қарамай, талапкерлерге ортақ тізім жасауды талап етуде.

«РФММ үшін ұят жағдай, ортақ тізім жасаңыздар! Неге қазақтілді балалардың құқығы шектеледі?» – деп жазуда ата-аналар.

Материал жарияланған сәтте РФММ тарапынан ресми пікір берілмеген.