Швеция елшісі қазақ тілін үйреніп жүр

Ulysmedia
Stefan Eriksson-ның Фейсбук парағынан

Швецияның Қазақстандағы елшісі Стефан Эрикссон қазақша үйреніп жүр. Бұл туралы тіл маманы Владислав Тен бөлісті деп, хабарлайды ulysmedia.kz

Стефан Эрикссон былтыр тамыз айында Қазақстандағы елші қызметіне кіріскен болатын.

Қымбатты шәкірттерім Николай және Стефанмен бірге. Біз Николай екеуміз аса қадірлі Швецияның Қазақстандағы елшісі Стефан Эрикссонға қазақ тілінен сабақ беріп жүрміз. Тіл үйрену курсы аяқталып, жазғы демалыс алдында жаңа оқу жылындағы оқу жоспарларын талқылау үшін түскі аста кездестік, - деп жазды ол өзінің Фейсбук парақшасында.

Швеция елшілігі Астанада 2010 жылы ашылса, Қазақстан елшілігі Стокгольмде 2013 жылдан бері жұмыс істейді.

Алматыда 2008 жылдан бастап швед бизнесінің мүддесін қорғайтын Business Sweden ұйымы қызмет етеді. Қазір Қазақстанда шамамен 30 швед компаниясы жұмыс істейді.

Екі ел арасындағы мәдени байланысты дамытуға Scandinavian Council коммерциялық емес ұйымы атсалысып келеді.