10 мамырда басталған негізгі ҰБТ-дан тестілеуден 41 мыңнан астам адам өтті. Талапкерлердің басым бөлігі — 67%-ы емтиханды қазақ тілінде тапсырған. Тағы 33%-ы орыс тілін, ал жүзден сәл астам адам ағылшын тілін таңдаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Аралық қорытындыларды Ғылым және жоғары білім министрлігі жариялады.
– Алғашқы аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 57%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа нәтиже 58 баллды құрады. Ең жоғары нәтиже — 138 балл.
Смартфондар мен шпаргалкалар
ҰБТ кезінде ережені бұзудың 86 дерегі тіркелген. Елуге жуық талапкер тестілеуге смартфон, микроқұлаққап, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін емтиханға жіберілмеді.
Тағы 40 адам аудиториядан тікелей шығарылған. Олардың нәтижелері жойылды.
Министрлік өкілдері ҰБТ аяқталғаннан кейін бейнежазбалар қазан айының соңына дейін тексерілетінін еске салды. Егер мамандар заңбұзушылықтарды анықтаса, тест нәтижелері де күшін жоюы мүмкін.
Жалпы ҰБТ-ға қатысу үшін шамамен 240 мың талапкер өтініш берген. Екі мүмкіндік ескерілгенде, қабылданған өтініштер саны 446 мыңнан асқан.