“VD Stroy Engineering” компаниясының басшысы Азамат Өсімбеков өзіне тағылған айыптарға алғаш рет ашық түрде жауап беріп, компанияның президент туыстарымен байланысы жөніндегі әңгімелерге де тоқталды.
Соңғы айларда бұл компания түрлі даулы оқиғалардың ортасынан жиі көрініп жүр. Соның бірі — журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс. Ол іс журналистің “VD Stroy Engineering” туралы жарияланымдарымен байланысты.
Журналист неге кәсіпкерлер мен жұмысшылар арасындағы даудың қақ ортасында қалды? Компанияның артында кім тұр? Оның билікке жақын адамдармен байланысы бар ма? Ал Үсімбековтің өзі “VD Stroy Engineering”-ке қатысты сын-ескертпелерге не дейді?
Дерек пен дақпырттың ара-жігін ажырату үшін Ulysmedia.kz Азамат Өсімбековті ашық сұхбатқа шақырды.
Сұхбат барысында мына мәселелер талқыланды:
– Ботагөз Омарова ісі;
– жұмысшылар және мердігерлермен болған дау;
– “Азаттық” материалы мен президенттің туыстарымен байланыс туралы әңгімелер;
– тендерлер мен миллиардтаған инфрақұрылымдық жобалар;
– қоғам талқылап отырған өзекті сұрақтар.
36 жастағы кәсіпкердің айтуынша, оның әкесі құрылыс саласындағы бизнесті осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын Ақтөбеде бастаған. Қазір бұл бағытты отбасы республикалық деңгейде дамытып отыр. Өсімбеков өздерінің ешқашан билікпен байланысы болмағанын айтады.
P.S. Біз үшін бұл оқиғаға қатысы бар барлық тараптың пікірін беру маңызды.
Біз ешкімді ақтамаймыз да, айыптамаймыз да. Негізгі мақсатымыз — түрлі көзқарасты көрсету және көрерменге қорытындыны өзі жасауға мүмкіндік беру.
Толық сұхбатты Ulysmedia.kz-тің YouTube арнасынан көре аласыз.