Малайзияда қазақстандық қызды тонап, зорламақ болған

Ulysmedia
Фото: ЖИ

Малайзия астанасы Куала-Лумпурде қазақстандық Томирис есімді қызды тона, зорламақ болған. Күдіктілер оның ақшасы мен құжаттарын алып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қыздың айтуынша, туған күнін атап өту үшін барған сапары сұмдық оқиғамен аяқталған. Ол кешқұым қалада байланыссыз әрі баспанасыз қалып қойған. Оған екі ер адам көмектесіп, қонатын жер ұсынған.

Алайда олар үйде қызды зорламақ болған.

- Мен тіпті оларға бүгін туған күнім екенін айттым. Үйге кірген соң олардың бірі есікті жауып, музыканы қатты қойып, маған дүрсе қоя берді. Айқайлап, бар күшіммен қарсылық таныттым. Тістеп алып, әрең қашып шықтым. Барлық заттарым, төлқұжатым мен 100 доллар сол үйде қалды. Кейін полицияға арыз жазып, ауруханада сараптамадан өттім, – деп жазды Томирис Threads желісінде.

Қазір полиция күдіктілердің бірін ұстаған, ал екіншісіне іздеу жарияланған. Жәбірленушінің сөзінше, ұсталған адам тергеуге жалған ақпарат беріп жатыр.

Томирис полиция тарапынан күдіктіле істі ақшамен жабуға тырысуы мүмкін деген ишара болғанын да айтты.

– Мен олардың түрмеге қамалғанын қалаймын. Маған адвокат және елге қауіпсіз оралу үшін көмек керек, – деді ол.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғадан хабардар екенін мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанның Малайзиядағы елшілігі зардап шеккен азаматпен және оның туыстарымен байланыста, консулдық әрі құқықтық көмек көрсетіп жатыр.