Қазақстан Өзбекстан мен Ауғанстанға астық экспортын арттырды

Ulysmedia
ашық дереккөзден

Қазақстан 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 20 мамырға дейін 11,7 млн тонна астық пен астық баламасындағы ұн экспорттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан темір жолы мәліметінше, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға көп. Былтыр экспорт көлемі 10,3 млн тонна болған.

Экспорттың негізгі өсімі Орталық Азия елдері мен Ауғанстан бағыты бойынша тіркелген.

Атап айтқанда:
– Өзбекстанға экспорт 39,5%-ға өсіп, 3,5 млн тоннадан 4,8 млн тоннаға жеткен;
– Қырғызстанға жеткізілім көлемі 297 мың тоннадан 457 мың тоннаға дейін ұлғайған;
– Ауғанстанға экспорт 2,3 есеге артып, 1,3 млн тоннадан 3 млн тоннаға жеткен;
– Түрікменстанға экспорт 130 мың тоннадан 192 мың тоннаға дейін өскен.

Сарапшылар мұндай өсімді қазақстандық астыққа сыртқы нарықтағы сұраныстың жоғары болуымен байланыстырады. Сонымен қатар экспорттық логистиканы дамыту мен шетелдік серіктестермен сауда байланысын кеңейту де маңызды рөл атқарғаны айтылды.