Кәсіпкер жұмысшының өліміне кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"30 қаңтарда Өскемен қаласының №2 сотында кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қаралды. Ер адам құрылыс-монтаж кәсібімен айналысқан. Жұмыс жүргізу кезінде ол қауіпсіздік техникасын бұзды, салдарынан қызметкер қаза тапты", - делінген іс материалында.
Кәсіпкер өз кінәсін мойындады, ол марқұмның зайыбына моральдық залал өтеуге міндеттелді.
Сот шешімі бойынша кәсіпкер үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын алды. Жаза өтеу мерзімі аяқталғанша ол құрылыс-монтаж жұмыстары саласында басшылық лауазымдарды атқара алмайды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.