×
470.8
545.99
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
470.8
545.99
6.6

Щучинскіде тағы да өрт болды. 24 адам эвакуацияланды

Бүгін, 11:30
Щучинскіде тағы да өрт болды. 24 адам эвакуацияланды
Көрнекі сурет. Фото: pixabay.com

Щучинскіде тағы да өрт болды. Бұл жолы қаладағы қонақүйлердің бірінің бірінші қабатында орналасқан сауна өртке оранды, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, Щучинск қаласындағы бес қабатты қонақүйлердің бірінің бірінші қабатындағы сауна бөлмесінде өрт шыққан.

– Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел түрде жетті. Өрт 50 шаршы метр аумақта қысқа мерзімде сөндіріліп, жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін ғимараттың жоғарғы қабаттарынан 24 адам, оның ішінде екі бала өздігінен эвакуацияланды, – делінген хабарламада.

Өрттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

КОНТЕКСТ

Биыл 26 ақпанда Щучинск қаласындағы «Плов орталығы» (Центр плова) кафесінде газ жарылып, салдарынан 11 адам көз жұмған.  Кейіннен кафе иесі қамауға алынғаны туралы хабар тараған. Қылмыстық іс «Екі немесе одан да көп адамның өліміне соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы» бабы бойынша теркелген.

Серіктес жаңалықтары