Таеквондодан Азия чемпионатында Қазақстан тағы бір қола медалін жеңіп алды

Ulysmedia
olympic.kz

Қазақстандық спортшы Самирхон Абабакиров таеквондодан Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан таеквондодан Азия чемпионатында Самирхон Абабакирова қола медаль жеңіп алды.

Абабакиров 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күш сынасқан. Ол жартылай финалына ирандық Махди Хаджимусаимен кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

КОНТЕКСТ

Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Назым Махмұтова (73 келіге дейін) және Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) да Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алған болатын.