Атырауда заңсыз бекіре балығын аулағандар ұсталды

Ulysmedia
Polisia.kz

Атырауда заңсыз бекіре балығын аулағандар ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Polisia.kz жазуынша, Атырау облысында заңсыз бекіре тұқымдас балық аулағандар ұсталды. Полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам балық өнімін тәркілеген. Оның ішінде 911 келіден астам бекіре тұқымдас балық және шамамен 1 келі бекіре уылдырығы бар. 

– Жуырда полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам балық өнімін тәркіледі. Оның ішінде 911 келіден астам бекіре тұқымдас балық және шамамен 1 келі бекіре уылдырығы бар. Тәркіленген өнімнің барлығы "Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауытына" тапсырылды. ЖПІШ басталғалы заңсыз балық аулау, сақтау, тасымалдау және балық өнімдерін өткізуге қатысты 152 құқық бұзушылық анықталды. Жеті қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, – делінген Polisia.kz ақпаратында.
 

Polisia.kz мәліметінше, сонымен қатар, заңсыз аулауға арналған 19 құрал мен құқыққа қайшы әрекеттерде пайдаланылмақ болған 10 жүзу құралы тәркіленген.