Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуовтың өліміне байланысты «Қасиет» клиникасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.
ТОЛЫҒЫРАҚ
«Қасиет» клиникасы әлеуметтік желіде тараған «клиниканың лицензиясы жоқ» деген ақпаратты жоққа шығарды. Медициналық мекеменің Instagram парағында жарияланған ақпаратқа қарағанда,мекеме 2015 жылдан бері берілген ресми лицензия негізінде жұмыс істейді және оның ішінде анестезиология мен реаниматология бағыттары да бар.
Бұдан бөлек, клиника мәлімдемесінде марқұм Ербол Айтуовқа ота жасады деп айтылып жатқан дәрігендің ол отаны жасамағаны туралы айтылған.
Клиника әкімшілігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің тексерісі аяқталғанын хабарлап, жұртшылықты жалған ақпарат таратпауға шақырды.
– Азаматтар мен заңды тұлғалардың абыройына нұқсан келтіретін жалған мәлімет тарату Қазақстан заңнамасы бойынша жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз, – деп жазылған хабарламада.
КОНТЕКСТ
49 жастағы Ербол Айтуовтың иек астындағы артық майды липосакция әдісімен алдыру үшін клиникаға жүгінген. Ота 4 сәуір күні жасалған.
Операциядан кейін ер адамның жағдайы күрт нашарлаған. Жұбайының Stan.kz сайтына айтуынша, наркоз кезінде қиындық туындап, соның салдарынан ишемиялық инсульт болған. Депутат комаға түсіп, бір айдан кейін қайтыс болған.