Рудныйда тұрғын үйден өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Космонавтов көшесіндегі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден шыққан.
– ТЖД күштері автосатының көмегімен 4 адамды құтқарды. Сонымен қатар баспалдақ маршымен 14 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды, – делінген хабарламада.
Өрт 20 шаршы метр аумақта шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.