Ресей Украинаны «Орешник» зымырандарымен атқылады

Ulysmedia
Фото: Ашық дереккөзден

Ресей Украинаны «Орешник» зымырандарымен атқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Украина президенті Владимир Зеленскийдің сөзінше, 24 мамырға қараған түні Ресей орта қашықтағы «Орешник» баллистикалық зымыранымен Киев облысындағы Белая Церковь қаласын атқылаған.

Зеленскийнің мәліметінше, Ресей бірдей үш зымыран соққысын жасаған.

– [Путин] базарды өртеп жіберді, ондаған тұрғын үй мен бірнеше мектепке зақым келтірді. «Орешник»жүйесін Белая Церковьке қарсы қолданды. Нағыз есі дұрыс емес адам, — деп жазды Зеленский.

Оның айтуынша, Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағалы бері «Орешник» зымыранын үшінші рет қолданылып отыр.

РЕСЕЙ РЕАКЦИЯСЫ

Ресей Қорғаныс министрлігі түнгі шабуылдар кезінде зымыранның төрт түрін қолданғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, «Орешник», «Искандер», «Кинжал» және «Циркон» кешендері пайдаланылған.

Министрлік мәліметінше, барлық соққылар сәтті орындалып, Украина қарулы күштерінің басқару пункттеріне, әуе базаларына және әскери-өнеркәсіп кешенінің басқа да нысандарына бағытталған. Мәскеу бұл шабуылдарды Киевтің Ресей аумағындағы азаматтық нысандарға жасаған соққыларына жауап деп атады.

«Орешник» зымыран кешені қарапайым оқтұмсықпен қатар, ядролық оқтұмсықтарды да алып жүре алады. Зымыран сағатына 12 мың шақырым жылдамдықпен ұшып, 5 мың шақырымға дейінгі қашықтықтағы еңсере алады.

Ресей бұған дейін «Орешник» кешендерін Беларусь аумағына да орналастырған.