Қазақстан Түркияға өз дәрігерлері мен құтқарушыларын жібереді

Ulysmedia

Тоқаев Үкіметке Түркияда болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады.

Еске салсақ, бүгін Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 7,4 балдық жер сілкінісі болды.

Бұдан бұрын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентіне көңіл айып, Қазақстан көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.