"Бұрын-соңды болмаған": Атырау облысында бір ауданда 85 егіз мектеп бітірді

Ulysmedia
Түлектер: atpress.kz

Атырау облысы Құрманғазы ауданында биылғы оқу жылын бірден 85 егіз мектеп бітіріп жатыр. Білім басқармасы мұндай оқиға облыста бұған дейін болмағанын атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биылғы оқу жылы Құрманғазы ауданында ерекше есте қалмақ. Оған себеп аудан бойынша мектеп бітіруші түлектер арасында 85 егіз тіркелген. 

Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, түлектер арасында мұншама көп егіздің болуы осы жылдың басты ерекшеліктерінің бірі және мұндай оқиға қайталанбайды.

Ең көп егіз Еңбекші, Мұқанов, Нұрпейісова және Мүсірепов атындағы мектептерде білім алған. Олардың біршамасы 9-сынып түлектері. 

Тағы бір ерекше сәйкестік - 15 түлек соңғы қоңырау күні  туған күнін де атап өткен.