Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Путинді әуежайда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды. Сапар құрметіне құрмет қарауылы сап түзеп, ресейлік президенттің ұшағына жойғыш ұшақтар ілесе ұшып келді.
Ресей басшысы өзімен бірге 30-дан астам адамнан тұратын үлкен делегация алып келді. Оның құрамында министрлер мен ірі компания басшылары бар.
Әуежайда салтанатты қарсы алу ұйымдастырылып, қазақ және орыс халық әндері орындалды. Сонымен қатар екі елдің тулары бейнеленген тікұшақтар ұшу-қону жолағы үстінен ұшып өтті.
Күн тәртібі
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Ресей президентінің мемлекеттік сапары 27–29 мамыр аралығында өтеді.
Путин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады. Биыл Қазақстан төрағалық етіп отырған бұл жиынның басты тақырыбы – цифрлық даму қарқыны және одақ ішіндегі сауда кедергілерін жою үшін жасанды интеллектіні тәжірибеде қолдану.
Сонымен қатар, 2030 және 2045 жылдарға арналған интеграциялық стратегиялық жоспарлар бекітіледі.
Мемлекеттік сапар аясында Путин мен Тоқаевтың жабық форматтағы келіссөздері де жоспарланған.