АҚШ пен Иран бір-бірін тағы да атқылады, деп хабарлайды Ulysmedia.
Толығырақ
Мамырдың 27-інен 28-іне қараған түні АҚШ Иранның Бандар-Аббас қаласы маңындағы әскери нысандарды атқылап, төрт дронды атып түсірді. АҚШ тарапының түсіндіруінше, дрондар америка әскері мен Ормуз бұғазындағы сауда кемелеріне қауіп төндірген.
Осыдан кейін Иран аймақта АҚШ әскери базаларына соққы жасағанын мәлімдеді. Бірақ қай елдегі әскери база екенін нақтыламады.
Кувейтте әуе дабылы іске қосылды. Әуе қорғаныс жүйелері зымыран мен дрондарды атып түсіргенін хабарлады.
Контекст
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге сәуірдің басында келген.
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысының басталғанына бүгін үш ай болды. 28 ақпанда әуе шабуылы кезінде аятолла Әли Хаменеи қаза тапқан. Осыдан кейін Тегеран аймақтағы АҚШ әскери базалары мен Израильді атқылап, Ормуз бұғазын жапқан.