Ертең, 31 мамырдан алматылықтар Польша астанасы Варшава қаласына тікелей ұша алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АПТАСЫНА ТӨРТ РЕТ ҰШАДЫ
Алматы – Варшава бағыты бойынша жаңа рейсті Польшаның ұлттық әуе тасымалдаушысы LOT Polish Airlines іске қосады. Әуе рейстері заманауи Boeing 737 MAX ұшақтарымен аптасына төрт рет орындалады.
ТУРИСТЕР САНЫ АРТҚАН
Халықаралық әуе қатынасын дамыту Алматы үшін басым бағыттардың бірі болып қала береді. Әуе бағыттарының кеңеюі туристер санының артуына, халықаралық байланыстың нығаюына және қаланың Орталық Азиядағы саяхат пен бизнеске ең тартымды бағыттардың бірі ретіндегі имиджін қалыптастыруға ықпал етеді, - деп хабарлады Алматы әкімдігі.