Қазақстанда QAZBILIM мектептері жабылды

Қалижан Бектемір
ашық дереккөз

Қазақстанда QAZBILIM жобасы жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

РЕСМИ ТҮРДЕ ТОҚТАДЫ 

Жоба жетекшісінің айтуынша, қаржылық қыспаққа ұшыраған.

QAZBILIM жобаларының ең ауқымды бағыты ұлттық лицейлер бағыты ең ұзағы төрт жыл жұмыс істеп, өз жұмысын тоқтатты.

Нәтиже ата-аналарымыз жақсы біледі. Бір жыл оқығанның да, төрт жыл оқығанның да. Сонымен 2023 жылдың наурызынан басталған әр түрлі қысымдар, ең әлсіз жерім қаржылық қыспақпен болды да ресми түрде жұмысын тоқтаттым. Иә, өте ауыр шешім және өте ауыр күйде қалсам да, аяқтан қайта тұрар күн туады деп ойлаймын, – деді Аятжан Ахметжан.

Ол бар күшін екі бағыт – QAZBILIM орталығы мен QAZBILIM кітаптары бағыты бағытына салатынын айтты. Бірінші мақсат – мойындағы қарыздан құтылу. Құзырлы орган төлемесе де, өзінің елдің алдындағы жауапкершілігін ада етуі керек. Сол үшін соңғы мәлімдем болсын деді ол.

САПАЛЫ КІТАПТАР ШЫҒАДЫ

Оның айтуына қарағанда, сапалы кітаптар шығара береді.

Қолдаған барша жанға алғыс айтамын., қандай да бір менен алары бар адамдардан, зияным тиген адамдардан кешірім сұраймын.

Ержігіттің мойынындағы қыл арқан шірімейді. Алла басқа амандық берсе парызды өтейміз. Табалап жатқандарды құдайға тапсырдым, олармен айтысар жайым жоқ.

Жобаны маған сенетін, қолдайтын жандар бар екенін, QAZBILIM -нің қашанда жанашырлары бар екенін білемін. Біз жүйемізді сақтаймыз, сондықтан, сапалы білім беруімізді, сапалы кітаптарымызды жалғастыра береміз.

Баршаңызға мың алғыс! Жақсы күндеріміз көп болсын! – деді ол.