Еліміздің бірқатар өңірінде күн ысиды

Қалижан Бектемір
ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМҚ 31 мамыр күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НАЙЗАҒАЙ, БҰРШАҚ

Синоптиктердің болжауынша, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, солтүстігінде бұршақ, батысында дауыл күтіледі. Тек еліміздің шығысында, орталығында ауа райы жауын-шашынсыз.

ЖЕЛ, ШАНДЫ ДАУЫЛ

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман болады.

Түркістан облысында күн қатты ысып, ауа температурасы 41 градусқа жетеді. Жамбыл облысында — 38 градус, Алматы облысында — 35 градус, солтүстікте, облыстың орталығында — 38 градус, Жетісу және Ұлытау облыстарында, Павлодар облысында 35-37 градус, Абай облысының оңтүстігінде 36 градус болады деп болжанған.