Актер Рүстем Жаныаманов пен актриса Жанаргүл Жаныаманованың тұңғыш ұлы өмірден өтті. Қаралы хабарды продюсер Гүлнұр Мамасарипова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Біздің Рүстем Жанаманов пен Жанаргүл тұңғыш ұлы Нұрмұхаметтен айырылып қалды. Бала – бауыр етің. Мұндай сәтте жұбатар сөз табу да оңай емес. Бекем болыңдар, біз қастарыңдамыз», – деп жазды ол сторисінде.
Қазіргі уақытта қайғылы жағдайдың нақты неден болғаны белгісіз. Бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде актер Рүстем Жаныаманов ұлының сырқаттанып жүргенін айтқан болатын.
Марқұм Нұрмұхамет Жаныамановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 2 маусым күні Алматы облысы Жамбыл ауылында өтеді.