Путин Қазақстанмен арадағы келіспеушіліктер туралы айтты

Ulysmedia
Фото: Ресей президентінің баспасөз қызметі

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу мен Астана арасындағы қарым-қатынастар бірқатар мәселелер бойынша тұрақты келіспеушіліктерге қарамастан, дамып келе жатқанын мәлімдеді,  хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бұл туралы Путин Константинов сарайында халықаралық ақпарат агенттіктерінің басшыларымен кездесу барысында айтты.

“Біздің қазақстандық достарымыз бен серіктестеріміз оңай әріптес емес. Қаржы, өнеркәсіп, инвестициялық қызмет шарттары және ірі жобалар сияқты мәселелердің барлығы бойынша бізде әрдайым өте қызу пікірталас жүреді”, - деді Ресей президенті.

Сонымен қатар, ол екі тараптың да ымыраға келуге және бірлесіп дамуға мүдделі екенін атап өтті.

Орыс тілі және АЭС

Путиннің айтуынша, Ресей мен Қазақстанды ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи байланыстар, өндірістік кооперация және бұрынғы ортақ мемлекет кезеңінде құрылған көлік инфрақұрылымы байланыстырады.

Ол сондай-ақ орыс тілінің рөліне тоқталып, оның тек мәдени емес, экономикалық маңызы да бар екенін айтты. Президенттің сөзінше, ортақ тіл екі елдің азаматтары мен кәсіпкерлеріне бір-бірін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.

Бірлескен жобалар туралы айта келе, Путин Қазақстанда Ресейдің қатысуымен атом электр станциясын салуды негізгі бағыттардың бірі ретінде атады.

— Ең бастысы — станция блоктарының салынуы ғана емес. Ең бастысы — жаңа саланың құрылуы: кадрлар даярлау, ғылымды дамыту және өндірісті жолға қою. Бұл біз үшін де, Қазақстан үшін де аса маңызды, — деді ол.

Білім саласындағы ынтымақтастық

Ресей басшысы білім беру саласындағы ынтымақтастыққа да тоқталды. Ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге «Сириус» жүйесін іске қосқанын еске алып, қазақстандық оқушылар арасында қолдауды қажет ететін дарынды балалардың көп екенін айтты.

Сондай-ақ Путин Тоқаевқа орыс тілін қолдау жөніндегі халықаралық құрылым құру бастамасы үшін алғыс білдірді.

Контекст

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанда орыс тілінің қолдау тапқанына алғыс айтып, оның елдегі ресми мәртебесі жөнінде пікір білдірген еді.