Арыста мас күйінде көлік тізгіндеген әйел 4 адамды басып кетті

Ulysmedia
Фото: Facebook / Ақмарал Әлназарова

Арыста мас күйінде көлік тізгіндеген әйел 4 адамды басып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Арыс қаласында 52 жастағы әйел тізгіндеген көлік жер үйдің қоршауына соғылып, аулада отырған бірнеше адамды басып кеткен. Оқиға салдарынан 4 адам қаза тапты, олардың арасында екі кішкентай бала бар. Қайтыс болғандардың бірі жүкті әйел екені хабарланды.

Сонымен қатар тағы екі адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, әйел мектепте жұмыс істейді және қосымша табыс үшін такси қызметімен айналысқан.

Сараптама қорытындысы оның көлік тізгінінде мас күйде болғанын көрсеткен. Осы дерекке байланысты іс «абайсызда жасалған қылмыс» ретінде қарастырылып, заң бойынша 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкін.