Демалыс күндері бұршақ жауып, 38 градусқа дейін ысиды

Ulysmedia
Фото: ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК 13-15 маусымға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.

Толығырақ

Алдағы күндері Қазақстан аумағында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

13 және 15 маусымда Қостанай облысында, 15 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады.

Бүкіл кезең бойы еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, ал 15 маусымда оңтүстік-батысында бұршақ жауып, дауылды жел соғуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз бүкіл кезең бойы Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында, 14-15 маусымда Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу облысында, 15 маусымда Атырау облысында қатты ыстық сақталады. Ауа температурасы +35...+38°С дейін көтеріледі.