Келесі жылдан бастап газ жүргізілген аудандарда пеш, моншаларды отынмен, көмірмен жылыту заңға қайшы болады. Эколог мамандар Алматы билігінің қатты отынды пайдалануға тыйым салу туралы шешіміне қарсы пікір білдіріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 31-телеарнаның ”Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.
ЭКОЛОГТАР НЕ ДЕЙДІ?
Тұрғындарға жылыту жүйесін қайта жабдықтауға жарты жыл уақыт беріліп отыр. Жаңа экологиялық талаптарға сәйкес, газдандырылған аудандардың тұрғындары үйлері мен моншаларын газ жылыту жүйесіне ауыстыруға міндетті. Әйтпесе, айыппұл салынады. Билік мұндай шараны смогпен күресудің бір жолы деп санайды. Алайда экологияға қамқорлықтың шығынын өздері тұрғындар көтеруге мәжбүр.
Пешті бұзып, газға ауыстыру керек болады. Қаржы жағынан шамамен 200 мың теңге. Салдарынан жағдай нашарлайтын сияқты. Тек жылы болады, болды. Моншада дұрыс булана алмайсың. Атарлықтай бу болмайды. Ал бу генераторын алсаң, ол миллионға жуық тұрады, – дейді Алматы тұрғыны Андрей Пяк.
Ашық дереккөздерге сәйкес, қалада отын мен көмір жағатын шамамен 150 мың үй бар. Жылыту маусымы алдында оларды әдетте құтқарушылар тексереді. Биыл қыста бақылау одан да күшейтіледі.
Ал алматылықтардың бәрі бұл жаңалыққа қуана алмады.
Моншасыз қалай өмір сүреміз? Қайда жуынамыз? Біз бұл жерде 60-жылдардан бері тұрамыз. Енді не істейміз? – деп дал болды тұрғындар.
Жаңа ережелер әлі күшіне енбесе де, Алматы тұрғындарына жауапкершілік туралы ескерту жасалған. Қарапайым тұрғындар үшін айыппұл 43 мың теңге болса, шағын бизнес үшін ол шамамен 1,5 есе көп, яғни 65 мың теңгеге жуық. Ал ең үлкен айыппұл ірі бизнеске салынады – 100 АЕК немесе 432,5 мың теңге.
БАС ПРОКУРАТУРАҒА ӨТІНІШ
Экологтар қала билігінің экологияны жақсарту үшін жасалып жатқанын түсінеді, алайда ауа сапасын жақсартуға арналған кейбір шаралар заңға қайшы дейді. Сарапшының айтуынша, мұндай шешімдер республикалық деңгейде қабылдануы тиіс.
Ауа сапасының экологиялық нормативтері деп аталатын құжаттар бізде бекітілмеген, сондықтан мұндай ережелерді қабылдау заңсыз болып саналады. Біз өз тарапымыздан Бас прокуратураға бұл ережелерді заңсыз деп тану және олардың күшін жою туралы өтініш жолдадық, – дейді Тәжірибелік экологтар қауымдастығы басқарма төрайымы Лаура Маликова.
Сондай-ақ тәжірибелік экологтар қауымдастығы экологтары қала орталығына ескі көліктердің кіруіне тыйым салуды да заңға қайшы деп санайды.