«Еуразиялық банк» 2025 жылы басқарма мүшелеріне жалпы 1,69 млрд теңге сыйақы төлеген. Бұл сома 2024 жылмен салыстырғанда 56%-ға немесе 606,8 млн теңгеге көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлауынша, өткен жылы банктің атқарушы органы жеті адамнан құралған. Олардың қатарында басқарма төрағасы Ләззат Сатиева және оның алты орынбасары: Сабыржан Бекбосынов, Ғазиз Ермеков, Ибрагим Әлтамиров, Асқар Хамидуллин, Айнагүл Дәулетбаева және Ерланбек Қаппаров болды.
Ерланбек Қаппаров 2026 жылдың сәуір айының соңында басқарма құрамынан шығарылған.
Сонымен бірге банктің өткен жылы қаржылық көрсеткіштер бойынша табысы айтарлықтай төмендеген, таза пайдасы 82%-ға азайып, 16,4 млрд теңгені құрады. Ал желтоқсан айында 28,7 млрд теңге шығын көрсетілген.