Парақорлар бойынша қай қала көш бастап тұр?

Ulysmedia
Ulysmedia коллажы

2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша Қазақстанда парақорлық баптары бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға көп, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Finprom деректеріне сәйкес, өңірлер бойынша жағдай әртүрлі. Кейбір облыстарда «пара алу», «пара беру» және «парақорлыққа делдал болу» баптары бойынша істердің айтарлықтай өскені байқалса, кейбір өңірлерде керісінше төмендеу бар.

2026 жылдың қаңтар–мамыр айларында Астана қаласы парақорлық істері бойынша көш бастап тұр. Мұнда аталған баптар бойынша 56 іс тіркелген. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,7%-ға көп.

Қостанай облысы екінші орында. Бұл өңірде парақорлыққа қатысты істер 3,5 есе өсіп, 5 айда 38 іске жеткен.

Алматы қаласы үшінші орында. Қалада 2026 жылдың бес айында 32 іс тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,3%-ға артық.

Ең аз қылмыстық іс тіркелген өңірлер қатарында:

Абай облысы – 1 іс

Ақмола облысы – 2 іс

Батыс Қазақстан облысы – 7 іс

Парақорлық істерінің ең жоғары өсімі мына өңірлерде байқалды:

Алматы облысы – 4 есе өсім

Қызылорда облысы – 66,7% өсім

Жамбыл облысы – 61,1% өсім

Ал кей өңірлерде керісінше айтарлықтай төмендеу тіркелген:

Солтүстік Қазақстан облысы – 2,1 есе аз

Павлодар облысы – 2,4 есе аз

Батыс Қазақстан облысы – 2,6 есе аз

Ақмола облысы – 13 есе аз

Жемқорлар қанша мерзімге сотталады?

«Пара алу» бабы бойынша сотталғандардың жартысына жуығы 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Өткен жылы пара алған 58 адамның 27-сі дәл осы мерзімге сотталған. Әрбір бесінші сотталушы 3 жылдан 5 жылға дейін жаза алады. Ал ең ауыр жаза – 10 жылдан 12 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру.

2025 жылы 312 адам пара алу күдігіне іліккен, олардың 239-ы сотқа тартылған. Сол жылы 188 адам сотталған, 128 адамға айыппұл салынған, 58 адам нақты түрмеге қамалған.