Алматы қаласының Алматы Бостандық ауданында ер адам көпқабатты үйдің 11-қабатынан құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Полицияның мәліметінше, 37 жастағы ер адам өз пәтерінің терезесінен секіріп кеткен. Оны сол тұрғын үй кешенінің күзетшісі байқап қалып, дереу жедел жәрдем шақырған.
«Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы мен полиция қызметкерлері келген. Зардап шеккен адам шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілген. Дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, ер адам есін жимастан көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция департаменті.