Шығыс Қазақстан облысында орман өрті шықты. Тілсіз жаумен күресу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшақтары жұмылдырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Өрт бүгін Ұлан ауданындағы Аюда шатқалында, "Асу-Бұлақ орман шаруашылығы" аумағында тұтанған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жалын құрғақ шөпті, бұталарды және орман өсімдіктерін шарпыған. Өрттің нақты аумағы анықталып жатыр.
ТІКҰШАҚТАР ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ
Өртті ауыздықтауға Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Төтенше жағдайлар департаментінің күштері, сондай-ақ ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" АҚ-ның екі тікұшағы жұмылдырылды.
Құтқарушылар өрттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін бірнеше бағытта жұмыс жүргізіп, ТЖМ тікұшағы әуеден өрт ошақтарына су төгіп жатыр.