Төрт айда 54 үшем: Қай өңірде егіздер мен үшемдер жиі туады?

Ulysmedia
Фото: stat.gov.kz

Қазақстанда төрт айда 2 мыңға жуық егіз және 54 үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше,  2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде 1926 егіз және 54 үшем дүниеге келген. Бұл кезеңде төртемдер тіркелмеген.

Егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастады. 263 жағдай тіркелген. Одан кейін Алматы қаласы (245) және Алматы облысы (175) келеді.

Үшемдер бойынша Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы алда. Әр өңірде 3 үшемнен тіркелген, тиісінше 9 нәресте дүниеге келген.

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларында дүниеге келген балалардың жалпы саны 99,4 мыңға жетті. Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға шаққанда 19,75), Шымкент қаласында (19,39) және Маңғыстау облысында (19,28) тіркелді.