Қазақстандықтар биыл байлыққа салынатын салықты төлемейді

Ulysmedia
Ulysmedia коллажы

Биыл қазақстандықтар сән-салтанат салығын төлемейді, себебі жаңа ережелер тек келесі жылдан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру басқармасының басшысы Гүлмира Смағұлова мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Оның айтуынша, қазіргі уақытта салық органдары мүлік салығын есептеуді бастап кеткен. Жақын уақытта қазақстандықтар есептелген сомаларды банк қосымшалары мен e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы көре алады.

«Қымбат жылжымайтын мүлікке салық салу нормасы жаңа Салық кодексіне енгізілгенімен, ол 2026 жылдан бастап күшіне енеді. Ал бізде мүлік салығы келесі жылы төленеді. Яғни іс жүзінде биыл сән-салтанат салығы төленбейді. 2027 жылы біз 2026 жыл үшін салықты есептейміз, сол кезде ғана “сән-салтанат салығы” деп аталатын нормалар толық іске қосылады», – деді Гүлмира Смағұлова тікелей эфир кезінде. 

Осылайша, жаңа тәртіп бойынша қымбат мүлікке қатысты салық келесі жылдан бастап төленеді.