2025 жылы білім беру ұйымдарының табысы 279,05 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
“Қара аққу, шаян және шортан” телеграм-арнасының жазуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы білім беру ұйымдарының жиынтық табысы 279,05 млрд теңгені құраған. Ең жоғары кіріс жоғары білім беру саласына тиесілі.
Салалар бойынша табыс көлемі мынадай:
Мектепке дейінгі білім беру – 30,77 млрд теңге
Бастауыш білім беру – 5,99 млрд теңге
Негізгі орта білім беру – 37,31 млрд теңге
Техникалық және кәсіптік орта білім беру – 3,54 млрд теңге
Жоғары білім беру – 145,76 млрд теңге
Осылайша, ең табысты сегмент ретінде жоғары білім беру ұйымдары көш бастап тұр.
Сонымен қатар, білім беру қызметтерінің бір бөлігі мемлекеттік бюджет есебінен емес, тікелей халық есебінен төленеді. 2025 жылы ата-аналар мен студенттер білім беру ұйымдарына келесі көлемде төлем жасаған:
Мектепке дейінгі білім беру – 70,16 млрд теңге
Негізгі орта білім беру – 6,17 млрд теңге
Жоғары білім беру – 66,29 млрд теңге.