Алматы облысында полицейді өлтіріп, өртеп жіберген: жұбайы мен ұлы ұсталды

Ulysmedia
polisia.kz

Алматы облысында полицейді өлтірді деген күдікпен марқұмның жұбайы мен кәмелетке толмаған ұлы ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Кеген ауданында ер адамның жанып кеткен мәйітінің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 23 маусым күні полицияға таулы аймақтан мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде жедел-тергеу тобы шықты.
 

“Қаза болған адамның жеке басы анықталды. Оның полиция қызметкері болғаны расталды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер, оның ішінде марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – делінген хабарламада.

Оқиға Алматы қаласында болған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.