Астанада кезекте тұрғандарға 500-ден астам жалдамалы пәтер беріледі

Ulysmedia
"Орман парк" ТК/ Фото 2gis

Астанада тұрғын үй кезегінде тұрғандарға «Орман парк» тұрғын үй кешенінен 500-ден астам жалдамалы пәтер бөлінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толяығырақ

«Отбасы банктің» хабарлауынша, бағдарламаға әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар, мемлекеттік қызметшілер және тұрғын үйі апатты деп танылған адамдар қатыса алады.

Жалпы 535 пәтер бөлінеді, оның ішінде 362 бір бөлмелі, 173 екі бөлмелі пәтер бар. 

«Отбасы банк» азаматтарды хабардар ету тәртібін түсіндірді:

1414 нөмірінен SMS-хабарлама күту

жеке кабинетті тексеріп, жүйедегі жаңартуларды бақылау

бөлініс аяқталғаннан кейін ресми арналар арқылы қосымша хабарламаны күту керек.