"Үлгілі отбасы болған": Өртеп жіберген полицейге қатысты жаңа деректер

Ulysmedia
Коллаж Ulysmedia.kz

Алматы облысының тауларынан 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Альсеровтің өртенген денесі табылды. Оқиғаға қатысты күдікті ретінде оның жұбайы ұсталған. Ол бұрын құқық қорғау органдарында жұмыс істеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Көпбалалы отбасының “құпиясы”

Ерлі-зайыптылар 15 жыл бірге өмір сүріп, 7 бала тәрбиелеген. Көпшілік үшін олар үлгілі, берекелі отбасы болған.

Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары әлі күнге дейін үрейленіп отыр. Олар отбасының отағасын да, жұбайын да өте сыпайы адамдар ретінде білетін. Ал ұлдарын тәртіпті, спортпен айналысатын, үнемі ауыр сөмкелерді көтерісіп жүретін жасөспірімдер ретінде сипаттайды.

Тергеу нұсқасы бойынша, қылмыс Альсеровтер отбасының бірінші қабаттағы пәтерінде болған. Адам өлімінен кейін күдіктілер айғақтардан құтылуға тырысқан. Жедел уәкілдің денесін көлікке салып, Алматыдан 300 шақырым қашықтыққа, тауға апарып өртеген.

Бықсып жанып жатқан адам сүйегін жергілікті бақташы кездейсоқ тауып алған. Ер адам қорқынышты жағдайды видеоға түсіріп, кейін жедел уәкілдерге қылмыскерлердің ізіне түсуге көмектескен.

Қылмысқа не итермелеуі мүмкін?

Алматы облыстық полиция департаменті қаза тапқан адамның олардың әріптесі болғанын растады. Қазіргі уақытта Альсеровтер отбасының пәтері мөрленген, ал күдіктілерден жауап алынып жатыр.

- Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктілер ұсталды, оның ішінде марқұмның жұбайы мен ұлы бар. Олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деді ведомство.

Аслан Альсеров денесі жерленді. Қазір тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Егер күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденсе, оларға 15 жылдан аса бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.