Маңғыстау облысында алимент төлемеген ер адам бір жылға сотталды

Ulysmedia
Ulysmedia.kz коллажы

Маңғыстауда алиментті қасақана төлемеген борышкерлер жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Бас прокуратуруаның хабарлауынша, биыл Маңғыстау ауданы прокуратурасының актісі негізінде алимент төлеуден әдейі жалтарған 9 тұлғаға қатысты қылмыстық істер тіркелді, 14 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

“Мәселен, азамат К. екі жыл бойы алименттік міндеттемелерін әдейі орындамай, жұмысқа орналасу шараларын қабылдамаған және берешегін өтемеген. Нәтижесінде 4,7 млн теңге көлемінде қарыз қалыптасқан. Соттың 2026 жылғы 22 сәуірдегі үкімімен ол кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды”, – делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 39 кәмелетке толмаған баланың құқықтары қорғалып, олардың пайдасына 7,5 млн теңге өндірілді.