Әлеуметтік желілерде Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваға қатысы бар делінетін Лондондағы зәулім үйдің суреттері жарияланды. Жылжымайтын мүлік бірнеше жылдан бері сатылымға шығарылғанымен, ол әлі күнге дейін өтпей тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Зәйлім сарай Лондонның ең беделді аудандарының біріндегі Денвуд-роуд көшесінде, Highgate Golf Club гольф клубының маңында орналасқан.
Жылжымайтын мүлік алғаш рет 2022 жылдың наурызында, Қазақстанда болған Қанды Қаңтар оқиғаларынан кейін көп ұзамай сатылымға шығарылған. Ол кезде үйдің бағасы 11,8 миллион АҚШ доллары болған. Алайда бірнеше жыл өтсе де сатып алушы табылмағандықтан, қазіргі уақытта оның бағасы 10,5 миллион АҚШ долларына дейін төмендетілген.
Үйдің аумағы шамамен 765 шаршы метр. Ішінде жеті жатын бөлме, алты жуынатын бөлме, бірнеше қонақ бөлмесі, жабық бассейн, бильярд залы және қысқы бақ бар.
Контекст
Зәйлім сарайдың Дариға Назарбаеваға тиесілі екендігі туралы 2020 жылы белгілі болды. Сол уақытта Ұлыбританияның қылмысқа қарсы ұлттық агенттігі бұл үй мен тағы екі жылжымайтын мүлікке тыйым салып, оларды сатып алуға жұмсалған қаражаттың шығу тегін түсіндіруді талап еткен.
Алайда кейін Лондон соты аталған мүліктерге салынған тыйымды алып тастады. Дариға Назарбаеваның өкілдері жылжымайтын мүлік заңды табысқа, соның ішінде «Қант» компаниясының акцияларын сатудан түскен қаражатқа сатып алынғанын мәлімдеді.
2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Дариға Назарбаева парламенті мәжілісінен кетіп, қоғамдық-саяси кеңістікте сирек көрінетін болды. Бірнеше ай бұрын блогер Әлішер Елікбаев Астана-Алматы бағытындағыұшақтан Дариға Назарбаеваны кездейсоқ көргенін мәлімдеді.