29 маусым, дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, елдің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
НӨСЕР ЖАҢБЫР ЖӘНЕ БҰРШАҚ
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктердің болжамынша, елдің көп өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшейеді.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарда нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшейеді. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін, ал солтүстік-батыста түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
АПТАП ЫСТЫҚ ПЕН ӨРТ ҚАУПІ
Күндіз Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Абай облыстарында, сондай-ақ Қарағанды облысының орталық бөлігінде ауа температурасы +35...+38 градусқа дейін көтеріледі. Жетісу облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Павлодар және Абай облыстарында аптап ыстық +40...+41 градусқа дейін жетеді.
Синоптиктер бірнеше өңірде өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі сақталатынын ескертті. Жоғары өрт қаупі Қарағанды, Алматы, Ұлытау, Абай және өзге де бірнеше облыста болжанса, Жетісу, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ұлытау және Абай облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі жарияланған.