Жанармай тапшылығына байланысты Қытайдан Ресейге жеткізілетін жүктің бір бөлігі Қазақстан арқылы өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
«Коммерсантъ» басылымының жазуынша, ресейлік тасымалдаушылар логистикалық бағыттарын өзгертіп, Қытайдан Мәскеу өңіріне жөнелтілетін жүктің бір бөлігін Қазақстан аумағы арқылы жеткізуді жоспарлап отыр.
Соңғы бір жарым аптада Қытайдан автотасымал құны орта есеппен бір рейске 700 АҚШ долларына қымбаттаған. Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан арқылы транзиттеу қосымша кедендік рәсімдерге байланысты жеткізу уақытын ұзартады.
Нарық қатысушылары тарифтердің одан әрі өсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Кейбір ресейлік компаниялар 1 шілдеден бастап тасымал құнын кемінде 10 пайызға көтеретіні туралы клиенттерін алдын ала ескерткен.