Путин мен Тоқаев телефон арқылы сөйлесті

Ulysmedia
Фото: Ақорда

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Кремльдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, әңгіме барысында Владимир Путиннің 2026 жылғы мамырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген келісімдер талқыланды. Президенттер сауда-экономика және энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударды.

«Ресей Федерациясы Президентінің 2026 жылғы мамырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген келісімдер аясында Ресей-Қазақстан арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелер қаралды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібін талқылау барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне Брюссельге жақында жасаған сапарының қорытындылары туралы айтты.