Синоптиктердің болжамына қарағанда, 1 шілдеде еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын түседі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Атап айтқанда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Абай, Ақмола, Павлодар, Жетісу облысының таулы аудандарында, сондай-ақ Алматы және Жамбыл облыстарында жаңбыр жауады.
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ал Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарының кей жерінде таңертең тұман түседі.