6 млрд теңгеден астам ақша жымқырған әйел Түркиядан елге депортацияланды

Сырым Қаржас
Ішкі істер министрлігі

2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі түркиялық әріптестерімен бірлесіп жүргізген іс-шаралар барысында 2021 жылдан бері іздеуде жүрген 46 жастағы ҚР азаматын Анталия қаласында ұстады.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2018-2020 жылдар аралығында сыбайластарымен бірге әрекет етіп, сенімге кіру арқылы еліміздің 1 300-ден астам азаматының 6 миллиард теңгеден астам қаражатын иемденген.

ДЕПОРТАЦИЯ

26 маусым күні іздеуде жүрген әйел Түркия Республикасынан Қазақстан Республикасына депортацияланды. Оны елге жеткізуге Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Түркия Республикасындағы өкілі мен Қазақстанның Бас консулдығы елеулі қолдау көрсетті.

Жыл басынан бері ішкі істер органдарының қызметкерлері алаяқтық қылмыстарын жасаған 117 қылмыскерді ұстады. Олардың келтірген жалпы материалдық шығыны 17 миллиард теңгеден асады.